Басты | Регистрация | Вход | RSS

Білімдіге дүние жарық

Білім арзан, білу қымбат

Сайт мәзірі
Тараулар санаты
Мектеп басшылары [0]
Мектебіміздің жетістіктері [0]
"Алтын белгі" иегерлері [0]
Мектептің тарихы [0]
Әдістемелік бірлестік жетекшілері [0]
Жас мамандар [0]
Мұғалімдердің сапалық құрамы [2]
Шебер ұстаздар [0]
Мектептің әдістемелік жұмысы [0]
Мұғалімдердің телефон нөмірлері [1]
Мектептің әсет Бейсеуов сайты [0]
Ұбт оқушы үшін [3]
ҰБТ-ҒА қалай дайындалу керек?
Біздің сауал
Оцените мой сайт
Всего ответов: 10
Статистикалық есеп

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мектеп туралы » Ұбт оқушы үшін

Ұбт дайындығы
10.08.2015, 14:04

Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ - ға дайындауда ата - аналарға кеңес.
1. Балаңыздың ҰБТ - ға барар алдындағы алдын - ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл - кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ - ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз
3. Балаңыздың көңіл - күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс - жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.

ҰБТ-ға дайындаудың ата-ананың рөлі

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздардың жауапкершілігін арттыру,ҰБТ-ге дайындаудағы ата-ананың, баланың, ұстаздың өзіндік дайындығын қалыптастырудағы үйлесімді жұмысты жолға қою.

Міндеттері:

Оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын арттыру;

Оқушылардың ой-өрісін дамытудағы ата-ананың қызметін қалыптастыру;

Ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайту,әр адамның өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Психолог: Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы- бала.Бала –дербес тұлға.Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтарды отбасында,мектепте,әлеуметтік ортада нәрленеді,толысып әрленеді.Ендеше бүгінгі тренингімізге ата-аналар қош келдіңіздер.Тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тренингтің кезеңдері.

1.Психологиялық дайындық

Сәлемдесу мақсаты:Топта жағымды қарым-қатынас болдыру.Қатысушылар өздерін таныстырып,жанындағы көршісіне тілегін айтып жылы лебізін білдіреді.

2.Ой қозғау

ҰБТ-ге отбасының дайындығы қандай?

Психолог:Келіңіздер,осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алмасайық.

Қызыл,көк,жасыл, сары түстер арқылы топтарға бөлу және әр топқа сұрақтар беріледі,әр топ сұрақтарға жауап берулері керек.

Қызыл түсті топқа сұрақ:

Ата-ана Абзалға ҰБТ-ге жоғары ұпай ала алмасаң, бізден жақсылық күтпе,біз саған көмектеспейміз,- дейді.Абзал ҰБТ-гден төмен ұпай алады.Қатты күйзеліп, жанын қоярға жер таппайды.Ең соңында өз-өзіне қол жұмсайды.

Сұрақ:

1.Ата-ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз?

2.Өзіңіздің балаңызды ҰБТ-ге қалай дайындар едіңіз?

3. ҰБТ-ге психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?

Көк түсті топқа сұрақ:

Талғат бір үйдің жалғыз ұлы. Ол ешқандай кемшілік, таршылық көрмей өсіп келеді.Себебі оның ата-анасы бай, ауқатты.Бірде анасы оған ҰБТ-ден ең жоғары ұпай сатып әперем деп ант етті.Бірақ кездесоқ жағдайлармен білім сатылмады.Талғат сол себепті оқуға түсе алмады.Ол дайындалса. Білімі, ынтасы, жетуші еді.Ата-анасының бос сөзі балаға әсер етті.

Сұрақ:

Талғаттың өміріне не болды?

Ата-анасының іс-әрекетті дұрыс па?

Жасыл түсті топқа сұрақ:

Раушан ҰБТ-ден жоғары ұпай жинап, медициналық институтқа түсетінін айтты, бірақ ата-ана Раушаның таңдаған мамандығына қарсы болды.Раушан ұнатпаса да ата-анасы айтқан оқу орнына түседі.

Сұрақ:

1.Сіз қалай ойлайсыз? Баланың мамандық таңдауына кедергі келтірген дұрыс па?

Сары түсті топқа сұрақ:

Асқар 11- сыныпта оқиды.Сабақ оқуға көңіл бөлу керек,ҰБТ-ге дайындалу керек,бірақ ата-анасы күні бойы жұмыста болғандықтан,үй шаруасының барлық жұмысы Асқардың мойнында,Асқар қатты шаршап,сабақ оқуға ынтасы мен қызығушылығы мүлдем жойылады.Соның нәтижесінде ҰБТ-де төмен ұпай алды?

Сұрақ:

1.Баланың болашаққа басар қадамына кедергі жасаған дұрыс па?

Ата-аналарға арналған психолог кеңесі:

Баланың ҰБТ-ден алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-ден кейін сынамаңыз.Балаға тестілеудің алатын балл оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.

ҰБТ қарсыңында баланы көп мазаламаңыз.Бұл-тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін.

Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп,қадалап отырыңыз,баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.Баланың қатты шаршап қажуына жол бермеңіз.

Баланың дайындық режимін қадалап отырыңыз, бала дайындық арасында демалып отыруы тиіс.

Үйден баланың дайындалуына қолайлы жер беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет болмауын қадағалаңыз.

ҰБТ қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.

«Біржола құтылу» жаттығуы

Мақсаты: Әрбір қатысушының өз өміріндегі ең жаман, бойындағы өкпе реніштерін, қорқынышты жағдайларын берілген берке қоқсық шелектің суретін салып не болмаса жазуды ұсынылады.Жазып болған соң ол қағаз жыртып қоқыс салатын жәшікке салу ұсынылады.

Рефлексия.

Психолог: Осымен бүгінгі тренингіміз өз мәресіне жетті.

Талқылау:

  • Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз қандай?

  • Тренинг қиналған кезіңіз болды ма?

  • ҰБТ-ға дайындаудың ата-ананың рөлі

    -         Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз қандай?

    -         Тренинг қиналған кезіңіз болды ма?

  •  

Категория: Ұбт оқушы үшін | Добавил: Adeke
Просмотров: 1553 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Сайт достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz