Басты | Регистрация | Вход | RSS

Білімдіге дүние жарық





Білім арзан, білу қымбат







  
Сайт мәзірі
Тараулар санаты
Мектеп басшылары [0]
Мектебіміздің жетістіктері [0]
"Алтын белгі" иегерлері [0]
Мектептің тарихы [0]
Әдістемелік бірлестік жетекшілері [0]
Жас мамандар [0]
Мұғалімдердің сапалық құрамы [2]
Шебер ұстаздар [0]
Мектептің әдістемелік жұмысы [0]
Мұғалімдердің телефон нөмірлері [1]
Мектептің әсет Бейсеуов сайты [0]
Ұбт оқушы үшін [3]
ҰБТ-ҒА қалай дайындалу керек?
Біздің сауал
Оцените мой сайт
Всего ответов: 10
Статистикалық есеп

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мектеп туралы » Ұбт оқушы үшін

Ұбт-ға оқушыны дайындау
10.08.2015, 14:01

Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының басты көрсеткіші. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.

Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.

Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.

ҰБТ - ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар
ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:
1. Психологиялық
2. Ұймдастырушылық
3. Технологиялық
4. Ақпараттық

Психологиялық дайындауда - оқушылар, ата - аналар және мұғалімдер көп уақытты талап етеді, сондықтан қазірден бастап жұмыс жасау керек. 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар өткізу ( яғни ҰБТ - ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)
Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ - ке байланысты бұрыш ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін қорытындысы)
Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.
- педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы
- тест жасау теориясын меңгеру
- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану
- оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау.
Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен таныстыру.
«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу жүйесіне енгізулері керек.
Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру. осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ - ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо - техникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.
Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырыптар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын - ала өткізу, бірақ ҰБТ - тапсыру кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек.
Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ - ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.

ОМ – гі ҰБТ - ға дайындық сызбасы

ҰБТ - ға психологиялық тұрғыда дайындау
Психологиялық іс – шаралары

Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
- психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету.
- Проблемасы бар балаларды жан - жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу.
- Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру.

«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.

1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.

8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.

Еске сақтаудағы маңызды құпия – ЭМОЦИОНАЛДЫ ЕСТЕ САҚТАУ.
Стресті жеңу үшін не істеу қажет.
Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын - туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларын мен апайларыңа және басқа жақын - туыстарына барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені, олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейрімді жылы сөзді күтіп отыр.

Ата – аналарға алты кеңес
Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге өшіге түсуі мүмкін. Қайта бойында дөрекі мінез біткен балаңыздың көзқарасын өзгертіп, өзіңізбен тіл табысу үшін жылы сөйлесіңіз.
1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаңызды көру керек.
2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кешке дейін түк бітірмей жататының жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз саған рақмет айтар едік» деген құлаққағыс айтып қойыңыз
3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды. Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік жылы сөз айтыңыз.
4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар
5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол мүлде жақсы қырынан көрінуі мүмкін.
6. Бар нәрсені жасырып, ұл – қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ болыңыз

Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.
3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.
4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.
6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз
9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімнен атаңыз.

Категория: Ұбт оқушы үшін | Добавил: Adeke
Просмотров: 838 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Сайт достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz