Басты | Регистрация | Вход | RSS

Білімдіге дүние жарық





Білім арзан, білу қымбат







  
Сайт мәзірі
Тараулар санаты
Мектеп басшылары [0]
Мектебіміздің жетістіктері [0]
"Алтын белгі" иегерлері [0]
Мектептің тарихы [0]
Әдістемелік бірлестік жетекшілері [0]
Жас мамандар [0]
Мұғалімдердің сапалық құрамы [2]
Шебер ұстаздар [0]
Мектептің әдістемелік жұмысы [0]
Мұғалімдердің телефон нөмірлері [1]
Мектептің әсет Бейсеуов сайты [0]
Ұбт оқушы үшін [3]
ҰБТ-ҒА қалай дайындалу керек?
Біздің сауал
Оцените мой сайт
Всего ответов: 10
Статистикалық есеп

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мектеп туралы » Ұбт оқушы үшін

ҰБТ-ҒА қалай дайындалу керек?
10.08.2015, 13:56

ҰБТ-ҒА қалай дайындалу керек?
Осы сұрақты әрбір түлек  өзіне қоятын шығар. Мен де бір жыл бұрын ҰБТ туралы барлық сайттарды ақтарып,  баспасөздегі мақалалардың бірін қалдырмай оқып, өзімнен бұрын оқып кеткен достарымнан, туысқандарымнан сұрай беретінмін. Кішкене қауесет тараса, соған сеніп, министрге хат жазуға дейін баратынбыз. Қазір ойласам, өте күлкілі екен. Бос алаңдап, түнімен ұйықтай алмай шыққан кездеріміз де болды. Бірде «ҰБТ-ны өзгертіп, оның орнына емтихан түрінде тапсыратын болыпты» деген қауесет тарап, екі жыл бойы тестке дайындалып жүрген біз әбден әбігерге түсіп едік.
Жас талапкерлерге айтарым – еш күйзелмеңдер, сабырмен дос болыңдар! Еш қорықпай, қаймықпай, сабақтарыңды ынтамен оқып, өздерің тапсыратын 4 пәнді індете қараңдар. Жылда тест сұрақтары жаңартылып, аздап қиындатылатыны болмаса, басқа айтарлықтай ауырлығы жоқ екен.
ҰБТ-ға дайындық кезінде жинаған азды-көпті тәжірибем бар, соны өздеріңмен бөліссем деймін.
1. Біреулер 5-11 сынып аралығындағы кітаптардың бәрін алып оқиды, ал кейбіреулер тесттен бас алмайды. Менің ойымша, осы әдістердің біріне ғана қатып қалып, ұстанып жүре берудің қажеті жоқ. Адам жан-жақты болуы шарт. Кітаптардың бәрін оқи берсе, ештеңе басқа кірмейді. Мәселен, бір кітаптың 4-5 тақырыбын оқып алып, сосын соған орайласатын тест сұрақтарына жауап берсе, қонымды әрі нәтижелі болады.
2. Сынақ тесттерді толтырғанда, ешкімнен көмек сұрамай, өзің істеуге тырыс. Кейде тестке беріліп жазып отырғанымда,  достарым қайта-қайта ойымды бөліп, сұрай беретін. Сол кезде ренжімей, қайта көмегімді аямай, бәріне көмек беруге тырыстым. Сосын «уақытым басқаларға көбірек кетіп қалды ғой» деп қамығып та қалатын едім.
3. Өзіңнің қолыңдағы тест кітапшаларын ғана емес, сыныптастарыңдікін де алып, таныс. Саған беймәлім сұрақтар сонда жүруі мүмкін. Түсінбеген сұрақтарды сыныптастарыңмен бірге талқылаудан тайсақтама.
4. Бұрын оқыған тақырыптарды қайталап оқи бергеннің де пайдасы көп.
5. Тек оқумен отыра бермей, далада серуендеп, достармен қыдыруға да уақыт табу керек. Тамақтану рационын да дұрыстау керек. Тым тәтті әрі майлы тағам адам миының жұмыс үрдісін баяулатады. Шоколад, мәселен, адам миының дұрыс әрі тез жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, алайда оны да көп жей беруге болмайды.
6. Кейбіреулер ешқашан бармаған мешіттеріне немесе ғибадатханаларға  тура ҰБТ тапсыратын жылдары барып, сыйына бастайды. Өзі оқымай, көктен көмек сұрай берген де жөн емес. Сонымен қатар, ырым-нанымға да қатты сене беруге болмайды.
7. ҰБТ-ға дайындалумен қатар, күнделікті сабақтарға да тиянақты дайындалу керек. Әсіресе, қоғамдық білім негіздері, құқық, тәрбие сабағы дегендерді сабақ құрлы көрмейтіндер болады. Бірақ осы сабақтарды жақсы оқыса, университеттің І курсына келгенде міндетті түрде өтетін философия, мәдениеттану, тарих сияқты пәндердің бағдарламасын игеруге көмегі көп  тиеді екен.
8. ҰБТ-ға дайындық барысында тек бір сабаққа ғана, мысалы, әркімнің өзіне қиын соғатын сабағына ғана немесе математикаға ғана көңіл бере беру тіпті дұрыс емес. Мәселен, мен, шынымды айтсам,  математикадан әдетте 15-18 балл ғана жинап жүрдім. Одан 20-25 балл алу үшін тек математиканы тынбай оқи беріп едім, басқа сабақтарым бірте-бірте төмендей бастады. Сондықтан 5 пәнге де бірдей уақыт бөлген жөн.
9. «Достық», «EdTech», «Достар», «ҰБТ-ға дайындалу бұрышы», т.б. курстарға сеніп, өз бетінше оқымай қоюға болмайды. Курстардың өзі жоғары балл жинауыңа кепілдік бере алмайды.

Категория: Ұбт оқушы үшін | Добавил: Adeke
Просмотров: 1190 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Сайт достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz