Басты | Регистрация | Вход | RSS

Білімдіге дүние жарық





Білім арзан, білу қымбат







  
Сайт мәзірі
Тараулар санаты
Облыс көлемінде [1]
Аудан көлемінде [4]
Мектепішілік [12]
Біздің сауал
Оцените мой сайт
Всего ответов: 10
Статистикалық есеп

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мастер класс » Аудан көлемінде

Үлгілі сабақ жоспары. Тақырыбы: Шылаудың түрлері. Пән мұғалімі Рахимова А.Д
[ Скачать с сервера (637.3 Kb) ] 12.05.2015, 17:17

Мұғалімнің аты жөні:  Рахимова Ақмарал Далабаевна

Еңбек өтілі: 20 жыл

Жұмыс орны: Ә.Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиет пәні пәні  мұғалімі

Категория:  І САНАТТЫ  

                                                        Тақырыбы:     «Шылаудың     түрлері» 

                                                                 Үлгілі сабақ  жоспары      

           Үлгілі сабақтың  жалпы мақсаты:    Сыни тұрғыдан ойлау көзқарасын дамыту арқылы    оқушылардың  жас ерекшеліктерін сақтай отырып, оқушылардың    білім, білігін тереңдету,ойлау  мен есте сақтау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
      Сабақтың түрі:  қайталау  сабағы

   Әдіс-тәсілдер:   СТО,АКТ, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, диалогтік тәсіл, тәжірибелік іздену.

1. Білімділік. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы түрлі тапсырмаларды орындай  білу қабілетін дамыту.

2. Дамытушылық.  Жаңа  білімді игеру. Шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру.

3. Тәрбиелік.  а)Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, ойын   жинақтап нақты  жеткізуге  дағдыландыру;                                              б)  Туған тілін,туған елін құрметтеп,  сүюге тәрбиелеу.

          КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:    Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын;

 

         1.Шылаудың толық  лексикалық  мағынасы  болмайтындығын;

 

         2.Шылау сөйлем  мүшесі  бола  алмайтындығын;

 

         3.Шылау сөз  бен  сөзді,  сөйлем  мен  сөйлемді  байланыстыратындығын;

 

         4.Шылау толық  мағыналы  сөздің  жетегінде  қолданылып,  оған  қосымша   мән   үстейтіндігін;

        5.Шылаудың сөз табы бола алатындығын;

        6.Шылаулар түрленбейді,   яғни  көптелмейді,  септелмейді,  тәуелденбейді,   жіктелмейтіндігін  біледі.

      
         7. Өз  ойларын  еркін, ашық  жеткізе  алады.

         8. Алған  білімдерін өмірде  қолданады.

        Аудитория мақсаты: өтілген тақырыпты  іс-тәжірибеде қолдану

       Жұмыс түрлері: топтық, жұптық,жекелей

       Көрнекі құралдар: плакаттар, маркерлер, слайдтар, кеспелер, стикерлер

       Әдістемелік құралдар: МАН, оқулық.интер. тақта, жоспар, слайдтан тапсырма  көздері,оқулық,сурет

        Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

          Бақылау түрі: тыңдау, өзара бақылау, өзін-өзі бақылау.   

Категория: Аудан көлемінде | Добавил: Adeke
Просмотров: 1767 | Загрузок: 45 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Сайт достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz